Салауатты ?мір салты т?рбие са?аты

Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі: олардың отан сүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылық пен адамгершілік қадір қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын ұнамды мінезқұлық нормалар мен адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру қажеттілік екені, Ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауында жан жақты негізделген.

Соның айқын дәлелі ретінде «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» атты бағдарламасы жұмыс жүргізілуде. Осы ісшараларды нақты іс-тәжірибеге жүзеге асыру барысында мектеп оқушылары арасында денсаулықты күте білудің негізгі мықтап қалатыны белгілі. Сонымен қатар, бұл, мұғалімдер ғалымдар мен ата-аналардың да бір-бірімен үйлесімді жұмыс жүргізуін қажет етеді.

Адам болмысының өзегі – тек қана материалдық игіліктермен, сұраныстармен, мұқтаждықтармен және қажеттіліктермен шектелмейді, әрі қарай адамның күрделі табиғатына, өмір сүрудің түпкі себептерін қозғайтын күш пен өмірдің өзіндік мәнін қарайтын рухани адамгершілік қасиеттерден тұратын негізгі болады. Адам өзінің бойында нағыз адам қасиеттерді дамытып, өзімен өзі қоршаған дүние туралы ақыл-ой көмегімен жиналған білімдерін адамгершілікпен ұйымдастырғанда ғана руханилыққа жетеді, өйткені адамгершілік – адамның рухани арқауы.

Сондықтан, білім мен тәрбие барысында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастырудың тиімді жолдарын іздестіру қажет.

Салауатты өмір сүру салты дегеніміз био-әлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты – интегративті түрде қалыптасады және адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты – шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық ұйымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру, ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұғымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.

Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру – біздің міндетіміз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі – балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму, қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін оқу орындарында валеология пәні енгізілген. Салауатты сөзінің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына байланысты.

Өмір сүру салты дегеніміз – әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму көрсеткішінің категориясы.

Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның туа біткен функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты. Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты біркелкі болады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына салауаттану білімі жөнінде кешенді ғылыми зерттеулер жүргізіп, салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамалық негізін жасау болып табылады. Бұл мақсат мына төмендегідей міндеттерді шешуді көздейді:

Салауаттану – жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құрамының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер, әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.

Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы өзара қарамақайшылықтардың шиеленісуіне байланысты – салауаттанудың пайда болуы заңдылық.

Салауаттанудың ролі – адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады. Салауаттанудың зерттеу пәні – адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері бейімделу тетіктері, қолдану тосқауылдары организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді. Салауаттану – адамның термодинамикалық, денелік химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі.

Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы – бұл «денсаулық дегеніміз – физиологиялық қызметтерді сақтап, дамыту процесі, психологиялықәлеуметтік әлеуметтер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі».

Келтірілген денсаулық анықтамалары негізінен алғанда, денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта жағдайлары мен ішкі факторларға бейімделу сапасын айқындайды. Денсаулықтың мынадай: физиологиялық, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық секілді негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі оларды бірегей тұтастыққа-денсаулыққа біріктіреді. Денсаулықтың физиологиялық түрі – организмдегі физиологиялық үрдістерді, олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.

Ертедегі ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен кемістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. Олардың біріншісі – жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру болса ғана күш алады. Босаңсу әрқашан да жағымды. Тек балалар ғана ерекше: олар ешбір мұқтаждықсыз жүгіреді, ойнайды.

Екінші кемшілік – қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат табу аса маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп, оны басқа сезімдер сияқты, жаттықтыруға болады. Адам әлдеқашан етті қуыруды үйреніп, оны дәмді ету тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ сіңіру орталығын жаттықтырады.

Үшінші кемшілік – қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда қорқыныш күшейе түседі, өйткені ол, есіне жақсы сақтайды, оның кейіннен болар салдарын да болжай біледі. Сондықтан тек оны өзінің ауырулары ғана емес, басқа біреулерден көргені, оқығаны немесе көргені үрейлендіреді.

Денсаулық – ауруларға қарама қарсы құбылыс екені әркімге түсінікті сияқты. Бүкіл медицинаның даму кезеңінде оның екі бағыты анықталды: біріншісі – бұзылған денсаулықты дәрі-дәрмектің көмегімен қалпына келтіру, екіншісі – сол мақсатқа «организмнің табиғи қорғаныс күштерін» жұмылдыру арқылы жету. Әрине, екі тәсілді бірдей қолданған дәрігерлер әрқашан да болды, бірақ, әдетте, іс жүзінде біреуі ғана басымырақ қолданылды.

Өкінішке қарай, көпшілік адамдар, кейбір дәрігерлер де организмнің ауруға қарсы күресетін табиғи күшін ескере бермейді. Сол табиғи күштерді толықтырып, шынықтыруға көңіл бөлмейді. Мемлекеттік барлық құрылымдардың тікелей қатысуын талап ететін маңызды мәселенің бірі – салауатты өмір салты. Ол адамдардың өздері шеше алатын, өз қолдарынан келетін жұмыс. Ендеше, әр адамзат өз денсаулығына жауапты болып, оны әрі қарай нығайтып, шындағаны дұрыс. Денсаулық сақтаудың бүкіл дүниежүзілік ұйымы денсаулықты жақсарту бағдарламасын жасауды 1978 жылдан бастап ұсынған. Бағдарлама жоспарлары жасалып, бірнеше жыл талданды. Ал денсаулық нығайту қозғалысын

іс жүзіне асыруда мектептің атқаратын рөлі өте үлкен. Сол себепті 1994 жылы «Денсаулықты нығайту мектептерінің» негізін салып, жобасын жасады. Бұл мектептің жұмысы санитарлық-ағарту бағдарламалары және орта мектептің тәрбиелік іс шараларымен ұштасып жатуы керек.

Жас жеткіншектердің денсаулығы күннен-күнге нашарлап, соңғы кезде аурусырқаулардың саны көбеюде. Бұған генетикалық – тұқым қуалаушылық аурулардың әрі қарай бағыт алуы, адамдардың денсаулық сақтау білімдерінің төмендігі, әсіресе, ақша табу жолында жанын аямай, демалуды ұмытып, өзіне-өзі көңіл бөлмейтіндіктері себеп.

Міне, осындай түсінбеушілікті жойып, сана-сезімі жоғары, білікті, тез шешім қабылдайтын және әртүрлі жағдайдан өзін алып шыға алатын азамат даярлау мақсатында мектептерге «валеология-денсаулықты қалай сақтауға болады» бағдарламасы енгізілді.

Ал бұл жұмыстардың нәтижесі үнемі талқыланып, жинақталып отырады. Соның арқасында:

Бүгінгі оқушы ертеңгі болашағымыз. Әр балаға ата-аналары, мектеп қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын шыңдап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын.

XX ғасырда туындаған экологиялық қолайсыздық, тиімді өндірістік технологияның дамуы, жұмыссыздықтың көбеюі немесе әлеуметтік теңсіздік, тағы басқа нысандық факторлар адамның түрлі психикалық адамгершілік-рухани және тағы басқа күйлерінің тепе-теңдігінің бұзылуына себепші болды. Адамның өмір салтынан туындайтын осы себептерге байланысты қоғамда адам өлімі, психикалық күйзелістер, ауру түрлері жоғары көрсеткішке жетті. Медицинаның әлеуметтік, гигиеналық, психологиялық, психопрофилактикалық

бағыттарында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі өркениет дәуіріндегі адамдардың денсаулығының нашарлау себептерін анықтап, психогенді және психосоматикалық аурулардың (гипертония, қан тасуы, асқазан жарасы, жүрек ауруларының) алдын алуда адам организмінің түрлі аулуларға қарсы тұруының ішкі мүмкіндігін жетілдіру жағдайын зерттеу мәселесін алға қояды. Осы бағытта С.М. Павленконың адам организмінің гомеостаздық күйін сақтау және кездейсоқ тітіркендіргіштер әсерінен физиологиялық қызметінің бір түрінің (қан айналым, тынысалу, температураның қалыптылығы және тағы басқа) бұзылған жағдайында оны қалпына келтіру тетіктерінің заңдылығын зерттейтін «санология» ілімі дамыды. Бірақ адам денсаулығын сақтауда, оны нығайтуда, ауру түрлерін алдын алуда санология ілімінің ғылыми негіз бола алатынын дәлелдей отырып, И.И. Брехман «салауаттану» ғылымының негізін ұсынған болатын. Ол «санология» ұғымының мазмұнын аша отырып, оның денсаулық жөніндегі ғылым емес, сауықтыру жөніндегі ілім екенін және келешекте ол жаңа ғылым – салауаттанудың маңызды салаларының бірі ретінде (клиникалық салауаттану) жаңа бағытта дамуы керектігі жөніндегі пікірін дәлелдеді. Г.А. Апанасенко салауаттанудың жеке қарастырылу құқығын сараптай отырып, гигиена мен медициналық салауаттануды жеке екі түрлі ғылым ретіндегі ерекшеліктерін көрсетеді. Олардың зерттеу нысандары мен пәндерінің, мақсаттарының әсер ету деңгейлерінің, практикалық маңыздылықтарын, әдіснамалық негіздерінің айырмашылықтарын ажыратып берді. Г.А. Кураевтың, С.К. Сергеевтің, Ю.В. Шленовтың анықтамалары бойынша салауаттану сыртқы және ішкі ортаның өзгермелі факторларының әсер етуі жағдайында, адамның физикалық, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік мәдени дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін және денсаулығын сақтайтын организмнің гигиеналық және физиологиялық мүмкіндіктері жөніндегі ғылым. Салауаттану адам денсаулығын сақтауда әлеуметтік қажеттіліктен дамыған. Оның негізін организмдер жүйесінің динамикалық мүмкіндіктері және тұтас организм жөніндегі түсініктер құрайды. Салауаттанудың міндетіне адам организмнің жүйелерінің қызметін, оның жеке физиологиялық ерекшеліктерін ескере отыру негізінде сақтау және үйлестіру жатады.

Читайте также:  Скачать реферат характеристика основных компонентов здорового образа жизни

Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қоюға болады. Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп есептеймін». Шынында да денсаулық – адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық зор байлық» – дейді қазақ. Ол адам символы дені сау қайырлы адам ауру хандардан артық деген нақыл бар. Дені сау адам көңілді жүреді. Әлемде болып жататын кішігірім, ұсақ түйнектерге ол ешқандай көңіл аудармайды. Көңілді күйімен неше түрлі қиыншылықтарды жеңіп тіршілік ете береді.

Адамдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Әр адам өзіне тән қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне осыған байланысты «салауатты өмір сүру салтының» үш категориясы болады.

1 Салауатты өмір сүру деңгейі. 2 Салауатты өмір сүру сапасы. 3 Салауатты өмір сүру стилі.

Салауатты өмір сүру деңгейі дегеніміз – экономикалық категория.

Сонымен «салауаттану – денсаулықты сақтау» бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру балалар мен жасөспірімдерде салауатты өмір салтын жүргізуге күш салады.

Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министірлігі айналысады. Адамзат баласының тіршілік өмірінде ең бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап оны орынсыз ысырап кетпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек. Денсаулықты көздің қарашығындай етіп сақтау дұрыс. Оған пассивті емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрету әрбір адамның басты міндеті.

Ғылымда валеология – денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым. Салауатты өмір сүру валеология ғылымының негізі болып есептеледі. Валеология гректің және латын тілінен алғанда «валео» – «денсаулық», «logos» «ғылым». Валеология – денсаулық туралы ғылым. Оның алғаш негізін қалаған И.И. Брехман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1987 жылы ол валеология ғылымын медицинаға, биология және педагогика ғылымдарына енгізген.

Адамзат баласының денсаулығы айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен ішкі және физиологиялық үрдістермен байланысты болатыны анықталып отыр.

Валеология ғылымының өзіне тән категориясы және негізгі зерттейтін міндеттері бар. Олар:

Осы және басқадай мәселелерді шешу үшін өмір сүрудің сапасы мен салауатты өмір сүрудің салты арасындағы заңдылықтарды зерттеп, шешуге болады. Сондай-ақ адамның денсаулығы мен мәдениеттің арасындағы байланыстардың заңдылықтары анықталуы тиіс, сонымен бірге адамдардың денсаулығы мен адамдардың иерархиялық қажеттілігін анықтап барып, барлық мәселелерді ойдағыдай шешуге болады.

Қорыта келе айтарымыз, валеология денсаулық сақтау, салауатты өмір сүру ғылымы. И.И. Брехман өзінің еңбегінде былай деп жазады: «Адам және биологиялық белсенді заттар» атты кітабында валеология терминін алғаш рет қолданған болатын. Бұл ғылым негізінен адам денсаулығы мен дені сау адамды құрайды деп тұжырымдайды И.И. Брехман. Валеология айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторлары адам денсаулығына қалай әсер ететінін қарастырды.

«Салауатты өмір сүру дағдысы» – дегеніміз өмір сүру қажетті іс-әрекетімен мінез-құлқын көрсететін нормалар мен өмір сүру тәсілінің жүйесі. Олай болса рухани-адамгершілік құндылықтың салауатты өмір сүруге қатысы, адамның ортамен қарым-қатынасы, айналысатын ісі, білімі мен тәжірибесі, өмір сүру салты, санасы, сезімі, сенімі мен сапасынан тұратын жүйе. Бұл жүйе сапасының оқушыларға тигізетін ықпалын және салауатты өмір салты дағдыларын дамытудың педагогикалық мәнін келесі бөлімде қарастырамыз. Жас өскіндеріміздің бойында салауатты өмір салты дағдыларын дамыту – қазіргі уақытта ең көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Бұл мәселенің маңыздылығы – қоғамымыздың әлеуметтік жағдайына, экономиканың бүгінгі уақыттағы халахуалына, экологияның нашарлауына, азаматтардың денсаулығына жауапкершіліксіз қарауы себептеріне байланысты да арта түседі. Адамның өз денсаулығына көзқарасын өзгертуі, ең алдымен, тәрбиелік мәселе болып табылады.

Сондықтан, қоғам білім беру жүйесіне мектепті сауықтыруға, балалардың денсаулығын нығайтуға және оларда салауатты өмір салтын дамытуға әлеуметтік тапсырыс береді. Осы мәселе бойынша зерттеулерге талдау жасау бырысуында мынадай қағидаларды ескеру қажеттілігі жайлы тұжырымға келдік: денсаулықты «біртұтас феномен» ретінде қабылдау және жеке тұлғаның өмір сүру салтына байланыстылығын түсіну; салауатты өмір сүру салтын биологиялық және әлеуметтік факторлар арқылы анықтап, мұнда отбасы мен мектептің маңызды орын алатынын ұғыну; сондықтан мектептің денсаулықты сақтау бойынша іс-әрекетін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру керек.

Қазіргі кезде денсаулық проблемаларын сараптау қорытындысының нәтижесі салауатты өмір салтын ұстануды жетілдіру керектігін көрсетті. Әсіресе қазіргі қоғамдағы жастар денсаулығы көптеп алаңдатуда. Жастар біздің болашағымыз. Болашағымыздың жарқын болуы үшін жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстауға шақыруымыз қажет.

“Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім- жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.

Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Қолымызда тек ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған анықтама бар. Бұл бойынша Денсаулық — жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңдылығы. Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген. Жуырда ғана өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы — ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті.

Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.

Екінші: халықты қол жетерлік және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту. Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек!

Жастар — болашағымыздың алтын тірегі. Жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу қажет. Тағы да айтарым, өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді. Мысалы: К-

Денсаулық қатерінің негізгі факторлары — қозғалыс күшінің кему саддарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану,қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірістежәне тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің (шылым шегу, алкоголь пайдалану, уланқорлық, нашақорлық, т.б.) кең таралуы.

Читайте также:  Способы и правила разрешения конфликтов реферат

Валеология ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей- тегжейлі түсіндіреді. Салауатты өмір салтын қалып- тастырудың негізгі бағытгары мыналар:

Салауатты өмір салты — адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн. Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан, мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: «Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», — депті.

Сонау ықылым заманнан бері, адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек: «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ жасауының, яғни, салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады. Осылайша, адамзаттың жер бетінен жойылып кетуге қаупі бар тарихи кезеңде тұрғанда не істеу керек? Адам баласы қалай өмір сүру керек?

Яғни, болашақ өмірді жалғастыру үшін бүкіл әлем бойынша әр халық өзінің ұлттың бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда.

Демек, бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі — халық денсаулығы.

Келесі бір мәселе, адам баласының өз қолымен жасаған табиғат апаты. Бір мысал алайық, атом радиациясының кеселінен су кепті, жер тозаңға, тас күлге айналды, өсімдік өсуін тоқтатты. Ауа қозғалысы өзгергендіктен, жер бетіндегі тіршілік күн өткен сайын апатқа ұшырауда. Міне, тіршіліктің, болашақ жанды заттардың жер бетінен жойылу қаупінің негізі осында. Бұл қағиданың негізінде, енді адамзат тіршілікті сақтап қалудың жолын іздеуде. Демек, денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүрудің бір-ақ жолы бар. Ол — салауатты өмір сүру салты.

Сөз соңында қайыра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ. Жастары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса ол мемлекет қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар — біздің болашағымыз.Ал бізге болашағымыздың айбындылығы мен жарқындылығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар — ертеңгі қоғам иелері!

Салауатты өмір салты жалпы ұлттық міндет және тәрбие жұмысының маңызды құраушысы болып табылады. Салауатты өмір тіршілігі -денсаулықты с ақтауды ң және нығайтудың негізі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани және дене дамуына әсер етеді.

Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарына негіз салады. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануын қамтамасыз ететін, дене және ақыл — ой, еңбекке қабілеттілігінің деңгейін арттыратын, қызметкерлердің денсаулығын нығайтатын және қалпына келтіретін спорт секциялары ұйымдастырылады .

Жастар болашақ, ертеңгі қоғамның, қала берді отбасының иелері. Сондықтан оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, олардың осы дәстүрлі дәріптеуші болып қалыптасуына бағыт беру қажеттігі білім беру мекемелерінің ісі .

Білімді ағарту тәрбие жұмыстарында жастарды салауатты өмір бағытына тәрбиелеу барысында оқу орындарында төмендегі бағыттар бойынша жүруі тиіс;

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:

Халқымыз қашанан — ақ денсаулықты алдыңғы орынға шығарып, «бірінші байлық» деп есептеген. «Дені саудың — жаны сау» — дейді халық даналығы. Еліміздің жарқын келешегі бәрімізге керек, оның ойдағыдай болуы қоғам мүшелерінің сайдың тасындай өмір сүріп, еңбек етуге әбден байланысты.

Кейінгі уақытта зиянды заттардың алдын алу жөнінде әдебиеттер, әдістемелік құралдар көптеп жарық көруде. Д.В. Колесов, А.Г. Хрипкованың мұғалімдерге арналған көмекші «Жаманнан жирен» құр алы ішімдік пен темекі тартудың жас организмге тигізер зиянды әс ер і, жастарды осы жаман әдеттерден сақтандыру жолдары айтылады . А.Н. Маюровтың «Маскүнемдікке қарсы тәрбие» деген кітабында жастарды қалай маскүнемдіктен бойын аулақ ұстауға болатыны жөнінде айтады .Ата-ана, жанұя және қоғамдастықпен жұмыс байланыстарының арасында маскүнемдікке қарсы тосқауыл қою жөнінде сөз етіледі. Е.М. Мастюкованың «Профилактика и коррекция нарушений психического развития детей при семейном алкоголизма» деген кітабында маскүнемдік — өмір бойы созылатын дерт, жанұяда оны үнемі қолданудан дүниеге келетін балаларда ми дамуының 40-60%-ға артта қалу себебі – аналарының маскүнемдігі. Алкоголь орталық жүйке жүйесін күйзеліске ұшыратады, ми жұмысын әлсіретеді және есте сақтау үрдісін төмендетеді. Яғни мұндай жанұямен кешенді түрде тәрбие, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныстар айтылады .

«Дүниедегі ең оңай нәрсе — кісіге ақыл айту ,ең қиыны — өзіңді-өзің түсіну» -деген екен ғұлама ғалым Әл-Фараби. Осы рухани байлықты жастардың бойына сіңіріп, сана сезімін жеткізу — біздің міндетіміз. Мектептегі қазіргі оқытып жатқан имандылық бағыттағы тәрбие сағаттар басым. Адамның материалдық қажеттілігінің бірі — дене мүшесінің саулығы. Бүгінгі күні ең маңызды мәселе — салауатты өмір салтын қалыптастыру. Яғни, адамның денесінің саулығы, бірқалыпта сақталуы, нығаюы, ширауы, сергуі еңбекке қабілеттілігі, құлшынысы, құштарлығы, ниеттілігі, ынталығы биологиялық үрдісте мәлім.

Бүгінде мектеп дене тәрбиесі мамандары мен медицина қызметкерлері және мектеп әкімшілігі алдында тұрған көптеген мәселелердің ішінде жастардың өз денсаулығын сақтауға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру проблемасы айқын көрінуде. Өз денсаулығына деген ынталы қатынасты қалыптастыру ең бірінші «денсаулық құндылықтары» феноменінің мәнін ашуға келіп тіреледі , себебі бұл өзінің мазмұны мен пайда болу жағынан көп қырлы күрделі ұғым болып табылады. Денсаулық құндылықтарының мазмұны деп біз мына компоненттердің кешенін айтамыз: (дене шынықтыру, интеллектуалдық, сезімдік, әлеументтік, тұлғалық, рухани). Бұлар оқушылардың салауатты өмір сүруге деген қажеттілігі мен ынтасын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, жастар қоғамның ең жоғарғы құндылығы, олардың салауаттылыққа деген өмір салтын қалыптастырудан жоғары тұрған ештеңе болмауы керек. Жастарымыздың денсаулығын сақтаудың негізгі принципі — әр жастың бойындағы өмір резервін, өмірге құштарлық пен бейімділікті бірте-бірте, өте сақтықпен оята білу. Ол құштарлық пен бейімділік, өмір резерві жастардың бойында дайын күйінде тұрған жоқ. Жастардың бойында рухани беріктікті нығайту үшін оларға сенімділікті, өзін бағалауды үйрету қажет. Бұл мақсаттарды іске асыру үшін жастар ең бастысы, адам өз денін сауықтырып, денсаулығын қалпына келтіре алады деген қағидаға сену керек. Осыны жүзеге асыра отырып, әр жас азаматтардың денсаулығын қалпына келтіріп, оны жақсарта түсуге арналған бағдарлама жасауға болады. Осыған орай мынадай сауықтыру шараларын жүргізу қажет деп табылады. 1) Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауға дағдыландыру. 2) Денсаулық сақтау шараларына арналған көрнекі құралдардың, стендтердің болуы. Оны жасауға ата- аналар мен жастардың қатысуы қажет.

Сондықтан осы игілікті бастамалар қолға алынып, әрбір жастың салауатты өмір салты бағытын ұстану барысында жүргізілетін жұмыстарды тиімді, үйлесімді етіп ұйымдастырар болсақ, онда елімізде салауаттылық деңгейі сапасының нәтижеге жетуі алдыңғы орында болары сөзсіз.

Жастар — біздің болашағымыз.Ал бізге болашағымыздың айбындылығы мен жарқындылығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар — ертеңгі қоғам иелері.

Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға
салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.

Содержание
  1. Денсаулық сақтау шаралары
  2. Дұрыс толыққанды тамақтану
  3. Жарақаттың алдын алу
  4. Жұқпалы аурулардың алдын алу
  5. Зиянды әдеттерден алшақ болу
  6. Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау
  7. Экологияның денсаулыққа әсері
  8. Өмір салты және репродуктивті денсаулық
Читайте также:  Как написать кандидатскую диссертацию, что нужно для написания?

Денсаулық сақтау шаралары

Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.

Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Дұрыс толыққанды тамақтану

Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.

Жарақаттың алдын алу

Бұл сыну, шығу, күйік, үсік, улану сияқты әр түрлі жарақатты болдырмау. Жарақаттарға әр түрлі жағдайларда душар болады: көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтамағанда, электр құралдарын дұрыс пайдаланбағанда, улы өсімдіктер мен саңылауқұлақтарды пайдаланғанда т.б. жағдайларда.

Жұқпалы аурулардың алдын алу

Жеке гигиена ережелерін бұлжытпай орындау, жұқпалардан қорғану тәсілдерін білу, алдын алу екпелерін уақытымен қабылдау.

Зиянды әдеттерден алшақ болу

Темекі шегуден , ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.

Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау

Бұл адамның өз күйін анықтай білу, көңіл-күйдің денсаулыққа әсерін білу, адамдар арасында тіл табыса білу, қарым-қатынас жасай білу, көңіл-күйін басқара білу — бұның бәрі психикалық денсаулықты қорғауға мүмкіндік жасайды.

Экологияның денсаулыққа әсері

Адам организміне қоршаған орта факторларының әсері туралы білім, қоршаған орта факторларының зиянды әсерінен қорғай білу денсаулықты сақтауға және түрлі ауруларды болдырмауға жәрдемдеседі.

Өмір салты және репродуктивті денсаулық

Армысыздар трбие сағат.docxБіз салауатты өмір салты үшін.docx_ Айдаркулов Ерқанат салауатты.docДенсаулықты нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау Денсаулық СРО, Ибрагимова М.О. Салауатты өмір салтын насихаттау.Ден.нығайтОқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру педагогикалық іс Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатына«Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз»..docxДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ.docxДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ.docx

Ашық тәрбие сағаты «Салауатты өмір салты!» Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру; Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, денсаулығын сақтауға қажетті күш қуатын молайту;Дұрыс тамақтану,спортпен шұғылдану,тазалық, жеке бас гигиенасын, мәденидағдыларын қалыптастыру; сайыс

Көрнекілігі: презентация, нақыл сөздер

«Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол , тайғақ кешумен ұласады»Ұлы ойшыл Шекспир Адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.«Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз,мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін»

Әль — Фараби.Сабақ барысыЖоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.Топқа бөлу. («Зерттеушілер» тобы, «Ақындар» тобы)

II. Ата- анамен жұмыс.

III. Оқушылармен жұмыс. Постер қорғау.

IV. Сен білесің бе?

V. Факторларды ата.VI. Шығармашылық тапсырма.

VII. Мақал мәтелдер сайысы.

VIII. Тест. «Менің өмір сүру қалпым»

I. Ұйымдастыру кезеңі. (топқа бөлу, оқушылар мен ата- аналар мақалдар мен мәтелдерді ажырату арқылы топқа бөлінеді)Маскүнемдік-үлкен қасірет.«Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың»«Есірткіге жолама,жетелейді молаға» Нашақорлықта үлкен кеселді дерттердің бірі. Жаман әдет үлгерім мен тәртіптің бұзылуының кепілі.

К І Р І С П Е С Ө З .« Бірінші байлық — денсаулық» деп халқымыз айтқандай , қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат –міндеттердің бірі – адамның хал – ахуалы мен «Қазақстан 2030» бағдарламасындағы көрсетілгендей , өркениетті елдің әрбір азаматы дені сау , салауатты болуы шарт.

«Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.

Шығыстың әйгілі данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.Олай болса ата аналар бүгінгі «Салауатты өмір салты» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

II. Ата анамен жұмыс. Отбасы ұстанымы.

Еңбекпен жеген нан тәттіЕңбек денсаулықты сақтауға жетелейдіДенсаулық тазалықтан басталадыОтбасында ішіп жатарға жол берілмейдіУақытты тиімді пайдаланамын.

III. Оқушылармен жұмыс. 1. Постер қорғау. Ұжымдық жұмыс.«Салауатты өмір салты»дене тәрбиесі еңбек жеке гигиенаденсаулықты сақтау таза ауа қоршаған орта бос уақытты тиімді пайдалану сапалы тамақтануәлеуметтік тұрмыс жағдайы 2. Постер қорғау. Топтық жұмыс. Зерттеушілер тобы: «Зиянды әдеттер» Ақындар тобы « Салауатты өмір салты» бес жолды өлең

Эколог: Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа әсер етіп қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы: темекіде никотиннен басқа улы заттар, шаң, күйе болады. Олар ауаға таралып ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, екеуі де атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту. ішімдік ішу өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде. Демограф: Дүние жүзіндегі қандай да болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ жұқпалы аурулары кері әсерін тигізуде, Қанша адамдар осылармен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда. Көп отбасында сәбилер жарымжан, ақыл-есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалардың саны көбеюде. Психолог: Мектеп жасында шылым шегетін, арақ ішетін оқушылар ештеңемен шұғылданбайды, сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды, елеусіз жүреді. Жоғарғы сынып оқушылары өздерін «үлкен адамбыз» деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді. Мұндай оқушылар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен болады, бет-әлпеті табиғи өңінен айрылады. Тарихшы: Біз тарихта спиртті ішімдіктерді сатуға тыйым салудан нәтиже шықпағанын білеміз. Мысалы: 1914 жылы Ресейде, 1917 жылы АҚШ-та спиртті ішімдіктерді өндіруге тыйым салынған еді. Нәтижесінде спирттік өнімдерді өндіру, сату баюдың бір жолына айналды. Дәрігер:     Шылым шегу — зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық заттар кездеседі. Бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі бұзылады, терісінің қасиеті кемиді. Алкоголъ — адамды уландыратын зат. Ол әртүрлі химиялық қосылыстардан тұрады, егер оны көп мөлшерде пайдаланса, сол адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайды. Алкоголь дәм сезу мүшелеріне, ас қорыту мүшесіне, нерв жүйесіне, миға әсер етеді. Көп мөлшерде қолданса, адам өліп кетеді. СПИД қанның кұрамындағы иммунитетке жауап беретін түйіршіктерді өлтіреді, сол жерде көбейеді. СПИД-пен ауырған адам пневмония, менингит ауруларына шалдығады. Нашақор көп есінейді, көзінен жас ағады, терлейді, тәбеті төмендейді, денесі қалшылдап, ұйқысыздық басып, салмағын жоғалтады.

V. Факторларды ата. «Екі жазылымды күнделік» стратегиясы

VII. Мақал мәтелдер жалғасын табайық.

1. Денсаулық -(зор байлық)2. Жарлының байлығы -(денінің саулығы)3. Жан ауырса тән азады,(Қайғы басса — жан азады.)4. Дені саудың (жаны сау.)5. Дені сау ұрпақ -(ел болашағы)6. Ауруын жасырған (өледі.)7. Шынықсаң (шымыр боларсың)8. Дені сау адам -(дәулетті адам)9. Ішің ауырса, аузыңды тый,(Көзің ауырса, қолыңды тый.)10. Денсаулықтың қадірін (ауырғанда білерсің)11. Азған денеге (ауру үйір)

«Менің өмір сүру қалпым» 5-10 балл

. Оқушыларды мадақтау. Ата- аналарды «Алғыс хатпен» мадақтау.

Бәрі бірге: Бүгініміз бар жарқын, Ертеңіміз бар айқын,Асырайық біргеСалауаттылықтың даңқын.

Оцените статью
VIPdisser.ru